Орал қаласының «Ақниет+» жеке балабақшасы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, Отандық білім берудің алдындағы жаңа міндеттер мен талаптарды орындау барысында, балалар бақшасына деген сұраныстың жоғарлауына байланысты, елімізде көптеген мектепке дейінгі ұйымдар ашыла бастады.
Осыған орай, Орал қаласында Гагарина 8 мекен-жайында,жер аумағы 329,5 ш/м құрайтын, «Ақниет+» балабақшасы, 2022 жылы маусым айының 19 жұлдызы күні ашылды.
Балабақша жалпы - 3 топтық, 66 орынға негізделді.
Балабақшада мынадай топтар жұмыс жасайды:
-Ертежас /1 жас 6 айданбастап/
-Кіші топ /2жастан/
-Ортаңғы топ/3 жастан/
-Ересек топ /4жастан/
-МАД топ /5жастан/
Мекеме екі қабатты,автономды жылыту жүйесімен,су, электр жүйелері орталықтандырылған, телекоммуникациямен қамтамасыз етіліп,өртке қарсыдабыл (сигнализация) орнатылған. Асхана, кір жуатын бөлме мен шаруашылық материалдарын сақтайтынқойма бар.
Медициналық кабинетпен қамтылған. Балабақшада жалпы 12 бейнекамералар орнатылған, оның9 данасы мекеме ішіне, 3 данасы мекеменің сыртына орналастырылған.
Мүмкіндігішектеулі жандарға арналған пандус бар.
Барлық топтар балалардың жасерекшеліктеріне қарай құрылған жаңа жиһаздармен, ойын және көрнекі құралдармен қамтамасызетілген.
Арнайы бөлінген әртопқа арналған ойыналаңдары мен құралдары орналасқан алаңқайлар бар.
Бөбекжай-бақшағатәрбиеленушілер https://balabaqsha.smartnation.kzэлектронды жолдамасы бойынша 1 жас 6 айдан бастап қабылданады. Балабақша жұмысын 8:00 денбастап,кешкі сағат 18:00 деаяқтайды. Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.
Ас мәзірі таңғы,түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.